ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

26.09, аудан әкімі С. Аманбаевтың төрағалығымен өткен жиында қысқы мерзімге дайындық барысы пысықталды.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ж. Қойшыбаев, кент әкімі Қ. Нұралы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е. Кенжеғұлов, мекеме және бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі егін жинау науқаны барысы, тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету, қысқа әзірлік бойынша үш мәселе қаралды.

Жиында әлеуметтік нысандардағы жылу жүйелерінің дайындығы, орталық жылу қазандығының жылу беру маусымына әзірлігі жөнінде жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, төтенше жағдайлардың алдын алу және қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға әзірлігі туралы қысқаша баяндалды.

Жиын соңында аудан әкімі күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша жауапты мекеме және бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, қыс мезгілінде техникалық ақауларға жол бермеуді осы күннен бастап пысықтауға шақырды. Өз кезегінде аталмыш мәселе бойынша баяндама жасаған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы М.Балмағамбетовке жылу беру бағытындағы барлық мәселелерді қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Аталған тапсырмалардың орындалуын бақылау орынбасары Ж. Қойшыбаевқа жүктелді.