АУДАН ӘКІМІ САРКӨЛДІКТЕРГЕ ЕСЕП БЕРДІ

АУДАН ӘКІМІ САРКӨЛДІКТЕРГЕ ЕСЕП БЕРДІ

22.09, аудан әкімі С. Аманбаевтың Саркөл ауылында 2022 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары туралы есептік жиыны өтті.

Кездесуге аудандық полиция бөлімінің басшысы Б.Бақтығалиев, мекеме, бөлім басшылары қатысты.

Сұрақ-жауап кезегінде тұрғындар ауылішілік көшелерді жарықтандыру, қаңғыбас иттерге қарсы күресті күшейту сынды мәселелерді көтерді.

Көшеге жарық шамдарын орнатуға жобалық сметалық құжат әзірлеуге бюджеттен қаржы бөлу жөнінде ұсыныс берілді. Бюджеттен қаржы қаралған жағдайда жарықтандыру шамдары орнатылатындығын мәлімдеді. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан қаңғыбас иттердің көбейіп кеткені айтылды. Аудан басшысы округ әкімі М. Шүйіншалинге полиция қызметкерлерімен бірлесе қаңғыбас иттерді аулау шарасын заң талаптарына сәйкес жүргізуді тапсырды.

Аудан басшысы барлық сұрақтарға жауап беріп, шешу жолдарын ауыл тұрғындарымен бірге талқылады.

Сонымен қатар, аудан әкімі тұрғындармен кездесуде халықтың әл-ауқаты мен табысын арттыру мақсатында Жамбыл облысының пилоттық жобасын кеңінен түсіндірді. Тұрғындарға толық мәлімет алу үшін жергілікті әкімдікке жолығуды ұсынды.Округ әкімі М.Шүйіншалинге аталмыш жоба туралы тұрғындарға ақпарат беріп,жүзеге асырылуын ұйымдастыруды міндеттеді.

Кездесу соңында аудан әкімі тұрғындар өтініштерінің орындалуын бақылауды округ әкімі М.Шүйіншалинге тапсырды.