МЕШІТТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

МЕШІТТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Шұбарши ауылындағы құрылысы қарқынды жүріп жатқан мешіт ғимаратын аралап, бүгінгі барысымен танысу үшін аудан әкімі С.Аманбаев құрылыс нысанына барды.

Жастарға дәстүр мен дінді ұштастыра тәлім беретін ғибадат орнының құрылысы ауыл ақсақалдары мен жергілікті тұрғындардың өтініші аясында 2019 жылдың 20-шы маусымында бастау алды. Сәулетті мешіт құрылысы демеушілік қаржыландыру көздерімен бой көтеруде.

Аудан әкімі жүргізіліп жатқан жұмыстардың бүгінгі ахуалымен танысып, құрылыс жұмыстарына жауапты мамандармен сұхбаттасты.

Руханият мәйегі саналатын мешіттің ені 18 метр, ұзындығы 20 метр, жалпы ауданы 360 шаршы метр, ал мұнарасының ұзындығы 15 метр,төбесі жабылып, ішкі әрлеу жұмыстары аяқталды.
Бүгінгі таңда ғибадат ғимаратының құрылысына тұрақты 5 адам тартылды. Нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтау 2022 жылдың IV тоқсанында көзделген.

Аралау соңында аудан басшысы округ әкімі М.Шүйіншалинге нысанды газбен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.