"Мерейлі отбасы" ұлттық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

"Мерейлі отбасы" ұлттық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

📃 Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 Өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын "Мерейлі отбасы"ұлттық конкурсы өткізіледі.
🔎 Конкурс екі кезеңде өткізіледі: бірінші – аудандық (қалалық) кезең, екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезең.
🗓 Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер арнайы нысанда, қажетті құжаттармен қоса аудандық (қалалық) комиссияларға 2022 жылғы 15 маусымға дейін беріледі.
🔈 Байқаудың ұйымдастырушылары-Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен.
@aqparatqogam