САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛАУ - БАҚЫЛАУДА

САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛАУ - БАҚЫЛАУДА

8 сәуір күні өткен арнайы мәжілісте 2 айлық санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру тапсырмасының орындалуын бақылау мақсатында бүгін, 9 сәуір күні аудан әкімі С. Аманбаев 2 айлық сенбілік акциясы өтіп жатырған жекелеген нысандарды аралап шықты.

Аудан орталығы бойынша 50 көше 5 аумаққа біріктірілді.

Алғашқы сенбілікте кент сыртындағы полигон аймағын тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.

Аудан әкімі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Құлмұхановқа және Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы С.Төлеуовке санитарлық тазалық жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырып, барлық мекемелердің қатысымын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, сенбілік акциясы тұрақты түрде алдағы уақытта жалғасады.

Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылауды орынбасары Н.Көшекбаеваға жүктеді.