14 наурыз – Амал мерекесімен құттықтау

14 наурыз – Амал мерекесімен құттықтау

Темір ауданының әкімі С.Аманбаевтың

 14 наурыз – Амал мерекесімен құттықтауы

 

Қымбатты Темірліктер!

Баршаңызды 14 наурыз – Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – жер аяғы кеңіп, өткенді, өкпе-ренішті артқа тастап, жаңа жыл басында бар қазақтың арқа-жарқа боп, бір-бірімен көрісетін күні.

Барша жұрт ағайын-көршіні аралап, көрісіп, бір-бірін бір жасымен  құттықтап, ынтымақ пен берекенің көрініс табатын керемет кезеңі.

Осы күні адамдар бір-біріне кеңдік пен мәрттіктің, қайырымдылық пен бауырмалдықтың, татулық пен құрметтің айқын үлгісін танытады.

Сіздерді осындай жайма шуақ, шұғылалы мерекемен тағы бір мәрте құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ырыс-береке тілеймін!

Жаңа жыл жақсылығымен келіп, ауданымыз өсіп-өніп, көркейе берсін! Ел бірлігі бекем болып, ынтымағымыз таси берсін!

Құрметпен,

Темір ауданының әкімі                              С.Аманбаев