Темір ауданының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтарда №738 Жарлығымен Ақтөбе облысында төтенше жағдайды енгізілгенін ескертеді

Темір ауданының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтарда №738 Жарлығымен Ақтөбе облысында төтенше жағдайды енгізілгенін ескертеді

Темір ауданының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтарда №738 Жарлығымен Ақтөбе облысында төтенше жағдайды енгізілгенін ескертеді.

Жарлықтың 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе облысында төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде 23 сағат 00 минуттан 7 сағат 00 минутқа дейін коменданттық сағат енгізілді.

Сонымен бірге, жарлықтың 4-тармағына сәйкес, төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде мынадай шаралар мен уақытша шектеулер енгізілді:

1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілді;

2) Ақтөбе облысында жүріп-тұру, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер белгіленді;

3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз ету белгіленді;

4) Ақтөбе облысына кіру, сондай-ақ одан шығу шектелді;

5) бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынды;

6) ереуілдерге және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдістеріне тыйым салынды;

7) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынсын, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режимі белгіленді;

8) жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардан қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қою қамтамасыз ету белгіленді.

Төтенше жағдайдың талаптарын бұзу ӘҚБтК-нің 476, 478-баптарында қарастырылған​ жауаптылыққа алып келеді.

Бұдан басқа, төтенше жағдай кезінде тыйым салынған ереуiлге басшылық ету, ұйымның жұмысына кедергi жасау Қылмыстық Кодекстің 401-бабы бойынша жауапкершілік көзделгенін түсіндіреміз.

Сонымен қатар, ҚК-нің 274-бабының 4-бөлігіне сәйкес,​ төтенше жағдай кезінде немесе ұрыс жағдайында немесе соғыс уақытында не жария іс-шаралар өткізу кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жаза қарастырылғанын жеткіземіз.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Бұдан басқа, Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерінің талаптарына сәйкес, төтенше жағдай кезінде құқық бұзушылық жасау, жазаны ауырлататын мән-жайларға жататынын түсіндіреміз.

Темір ауданының прокуратурасы