Құрметті Темірліктер! Баршаңызды «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын

Құрметті Темірліктер! Баршаңызды «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын

Қазақ тарихындағы Керей мен Жәнібек, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандардың салып кеткен сара жолымен, сындарлы саясатымен егемен елімізді басқарған Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше.

Елбасы күні, баршаңызға белгілі, 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап атап өтіліп, жыл сайын дәстүрлі мерекеге айналды. Мұндай елеулі күн Елбасының Қазақстан халқы мен мемлекетке сіңірген орасан зор еңбегіне деген құрмет болып табылады.

Тұңғыш Президентіміз – аз ғана уақытта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді.
Нұрсұлтан Әбішұлының толассыз еңбегі мен көреген саясатының арқасында ғасырда жасалар ғаламаттар небары 30 жылда жүзеге асты. Осынау 30 жылдың ішінде Темір ауданы да үлкен жетістіктерге жетіп, қалыпты даму жолына ілесіп келуде.

Ардақты ағайын!
Елбасы күні қарсаңында баршаңызға мерекелік көңіл-күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Мерекелеріңізбен!

Құрметпен, аудан əкімі С.Аманбаев.