МЕДИАЦИЯ – ЗАМАН ТАЛАБЫ!

МЕДИАЦИЯ – ЗАМАН ТАЛАБЫ!

Аудан әкімі С.Аманбаевтың төрағалығымен аудандағы медиация бойынша атқарылған жұмыстар мен алға қойылған мақсат-міндеттерді айқындау жөнінде отырыс өтті.

Жиын барысында аудандық ішкі саясат және тілдері дамыту бөлімінің басшысы Н.Сәрсенбаев аудандағы медиаторлардың жұмысы туралы баяндады.

Сонымен қатар, аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Наурызғали білім беру ұйымдарындағы медиация қызметі жөнінде сөз қозғап, ұсыныстар енгізді.

Аудан басшысы Ж.Наурызғалиға орта мектептерде медиация қызметін жүргізіп, арнайы кабинет ашу қажеттілігі жөнінде нұсқау берді.

Жиында, әкім, ауданның кәсіби және сертификатталған тәуелсіз медиаторларын тыңдап, пікірлерімен бөлісті.

Отырыс соңында, аудан басшысы, жауапты басшыларға орталықтағы медиация қызметін жандандыруды, сондай-ақ, Кеңқияқ ауылдық округінен медиация кабинетін ашып, кабинетін жасақтауды тапсырып, жұмысты қатаң түрде бақылауға алуды жүктеді.