ЖАС САРБАЗ - ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ!

ЖАС САРБАЗ - ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ!

Аудан әкімі С.Е.Аманбаев ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында білікті қолбасшы генерал-лейтенант Б.Б. Жанасаев атындағы "Ақсауыт" әскери-патриоттық клубы мүшелігіне үміткерлермен кездесті. Аудан әкімі жастарға Отанды қорғау-ең ұлы азаматтық парыз екендігін айта келіп, оқулары мен бастамаларына сәттілік тіледі. Бүгінгі таңда Қызылжар орта мектебінің базасында, Жанасаев Болат Бақытжанұлының жеке қаражатына Ресей федерациясында дайындалған, заманауи құрылғылармен жасақталатын алғашқы әскери дайындық кабинеті жабдықталуда. Аталған кабинеттің салтанатты ашылуы мен таныстырылуы "ҚР Тәуелсіздік күні"қарсаңында генерал лейтенант Б.Б. Жанасаевтің қатысуымен жүзеге асрылатын болады.Іс-шара барысында жас сарбаздар АК-74 қаруын шашып-жинау, кер неге тартылу, арқан тартыс, саптық жүріс және әскери рәсімдерді орындау жаттығулары бойынша өз-ара сайысқа түсіп, біліктілігін шыңдады.