Алаяқтықтың әдісі көп, мақсаты біреу.

Алаяқтықтың әдісі көп, мақсаты біреу.

Адамдарды қылмыстық құқық бұзушылықтардан, олардың қауіп қатерінен, сонымен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – құқық қорғау органдарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Қазіргі қоғамда алаяқтық қылмыс санының өсуі адамдар арасында үрей тудыруда.

Алаяқтар – қауіпті әлемнің өзінше зиялы қауымы. Бұл - ақылы жетік және белгілі бір білімі бар қарапайым адамдар. Олар психологиялық тұрғыда қарым-қатынасқа түсу, өзіне қаратып алу қабілеттеріне ие.

Талдау көрсеткендей, алаяқтық кең көлемді әдіс-тәсілдермен жасалады және оның негізгі мақсаты ақша қаражаттарын иемдену болып табылады.

Алаяқтықтың мұндай тәсілі алдағы уақытта болатын деректерді бұрмалаушылықпен көрініс табады, осылайша алаяқ жәбірленушіге өзінің негізгі ойы туралы жалған елес тудырады.

Яғни, алдау ауызша сөз нысанында немесе әртүрлі алдау әрекеттерінен тұрады.

Алаяқтықтың бірнеше түрі бар атап айтқанда компьютерлік алаяқтық, субсидияны алаяқтық жолмен алу, капитал салымындағы алаяқтық, алдау арқылы пайда алу, несие алумен байланысты алаяқтық.

Сонымен бірге, алаяқтық қылмыстың кең тараған түрі интернет-алаяқтық.

Бұл ұялы телефондарды және басқа да тауарлардың интернет-саудасымен, сонымен бірге аттас компаниялардың атынан әртүрлі акциялар өтіп жатқандығы жөнінде СМС-тер жіберумен және интернет арқылы өзге тұлғаның атынан несие алумен байланысты.

Бұл сенгіш азаматтардың көмегімен пайда тауып қалуды көздеген азаматтардың жасайтын алаяқтық әрекеттерінің тек бірнеше тәсілі мен сызбасы ғана.

Осыған орай, аудан прокуратурасы барлық азаматтарды мұндай «қақпанға» түсіп қалудан аулақ болуды ескертеді.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Темір ауданының прокуратурасы