Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі туралы не білеміз

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі туралы не білеміз

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізілді.

Осы күннен бастап бұған дейін қолданыстағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" және "жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" заңдар күшін жойды.

Бұл Кодекс бойынша не білеміз, азаматтарға қандай кепілдіктер берілген, ол қандай мәселелерді реттейді деген сұрақ туындауы мүмкін.

Аталған Кодекс​ әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібін реттеуге және қоғамдық құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешуге бағытталған кодекс. Бұрын біздің елде мұндай кодекс болған жоқ.

Кодекс азаматтардың мүддесін қорғауға, оның ішінде мемлекеттік органдардың негізсіз уәжден қорғауға арналған қағидаттарды енгізетінін атап өткен жөн. Осылайша, заңнаманың барлық түсініксіз тұстары азаматтардың пайдасына шешілетін болады.

«Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтардың нақты құқықтарын қорғау мәселесін реттейді. Бұл жерде әңгіме әкімшілік актілер турасында болып отыр.

Әкімшілік актілер дегеніміз не?

Бұл мемлекеттік органдардың нақты азаматқа қатысты шешімі. Мемлекеттік қызметтер - бұл басқарудың өте зор мән берерлік саласы. Мысалы, сіз мемлекеттен Жер кодексі бойынша өзіңізге алуға болатын 10 сотық жерді алғыңыз келеді делік. Яғни нақты сізге жер актісін беру туралы әкімдіктің шешімі әкімшілік акт болып танылады. Әкімшілік кодекс азаматтардың аталған құқықтарының қорғалуының негізгі кепілдіктерін белгілейді. Мемлекеттік органдар азаматтар құқықтарын пайдаланған кезде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіндегі белгіленген барлық міндеттеме мен принципті сақтауы керек. Бұл өте ауқымды сала.

Азаматтардың мемлекеттік органдардан заң бойынша алуға құқығы бар иелікті талап етуге құқылы екенін ұмытпау керек. Бұл талаптар кодексте белгіленген принциптерге сәйкес күшінде болады.

«Бұл біздің құқықтық жүйедегі мүлде жаңа құжат. Осыған орай, елімізде жаңа Кодекс қолданысқа енгенше мемлекеттік қызметкерлер оқытылып, заңнама талаптары, қолдануы түсіндірді.

Кодекске сәйкес судьялар өте маңызды рөл атқарады. Себебі мемлекеттік органдардың шешімдерінің Әкімшілік рәсімдік- процестік кодекстің талаптарына сәйкестігін дәл соттар тексереді. Жеке әкімшілік соттар құрылды. Бұл соттар азаматтар мен мемлекеттік органдардың, басқа ұйымдардың арасындағы дауларды қарайды. Ендігі кезекте сот бақылауы мемлекеттік органдардың шешіміне байланысты болмақ. Мысалы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы заңға сәйкес жекелеген кәсіпкерлік субъектілеріне олардың тауарлары отандық өндірісте болатындығын растайтын сертификаттар береді. Бұл жағдайда ҰКП жаңа енгізілген кодекстің талаптарына сәйкес келеді. Олар сондай-ақ кодексте көрсетілген талаптарды орындауға тиіс.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ӘРПК-на​ сәйкес әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаттар негізінде жүзеге асырылатын болады, олардың ішінде мыналарды бөліп көрсету ерекше қажет:

​ ​ ​ ​ ​ ​ -​ құқықтардың басымдық принципі- Әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың барлық күмәндері, қайшылықтары мен түсініксіздігі әкімшілік рәсімге қатысушының пайдасына түсіндіріледі;

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ - ресми талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу-әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырудан бас тартуға, шектеуге, тоқтатуға, сондай-ақ заңнамада белгіленбеген талаптарды сақтау мақсатында оған міндет жүктеуге тыйым салынады;

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ - қорғау құқығын сенім-әкімшілік рәсімге қатысушының әкімшілік органның, лауазымды адамның қызметіне сенімі заңмен қорғалады;

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ - соттың белсенді рөлі - сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, мәлімдемелерімен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектелмей, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттейді. Әкімшілік процеске қатысушылардың өз бастамасы немесе уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинайды.; әкімшілік істің нақты және (немесе) заңды тараптарына қатысты құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы.

Жария-құқықтық қатынастар саласында даулар туындаған кезде талаптардың мынадай түрлерімен жүгінуге болады:

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ -әкімшілік актіні толық немесе оның бір бөлігін алып тастау талабым ен дау айту туралы талап қоюлар;

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ -әкімшілік органның, лауазымды адамның әрекетсіздігі себебінен қабылдаудан бас тартылған не қабылданбаған, талап қоюшы қолайлы әкімшілік актіні қабылдауды талап етуі мүмкін мәжбүрлеу туралы талап қоюлар;

талап қоюшы әкімшілік актіні қабылдауға бағытталмаған белгілі бір іс-әрекеттер жасауды немесе осындай іс-әрекеттерден қалыс қалуды талап етуі мүмкін іс-әрекеттер жасау туралы талап қоюлар;

талап қоюшы Қандай да бір құқықтық қатынастардың болуын немесе болмауын тануды талап етуі мүмкін тану туралы талап қоюлар.

Бір тараптан азаматтар мен ұйымдар, екінші тараптан мемлекет арасындағы дауларды мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттар қарайтын болды.

Осылайша Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтарға құқықтық кепілдік беретінін назарларыңызға саламыз.

​ ​ ​ Темір ауданының прокуратурасы