Ассалаумағалейкум құрметті Темір ауданы тұрғындары!

Ассалаумағалейкум құрметті Темір ауданы тұрғындары!

Өскелен ұрпақты отан сүйгішттікке тәрбиелеуде, жалпы қоғамда ауыз біршілікпен бірліктің болуына ат салысып атқарып жатқан жұмыстарымыздың жалғасы мұнайлы да шұрайлы өңір Темір ауданында жалғасын тапты.

Ауданға барған сапарымыздың алғашқы кездесуін аудан үлкендерімен және активімен өткіздік.

Келесі кездесуіміз ауданың жас
мамандарымен белсенді жастармен өтті.

Кезекті жүздесуіміз Кенкияк кеттінде жалғасын тапты.

Жалпы ауданның тұрмыс тіршілігімен таныса отыра, жаңадан ашылған спорт кешенінің жұмысымен таныстық.

Досжан хазірет ишан бабамыздың кесенесінің жасалып жатқан жаңадан өңдеу құрылыс жұмыстарын көріп бір марқайып қалдық. Ғұламада данышпан бабамыздың рухына дұға жасадық.

Осы іс шарамыздың басынан аяғына дейін жанымыздан бір елі кетпей бірге жүрген аудан әкімі Саламат Ермұхан ұлы Аманбаев мырзаға алғыс айтамыз. Елі үшін жаныашыр басшылар осындай болу керек деп санаймын!