АУДАН ƏКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

АУДАН ƏКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Аудан басшысы С.Аманбаев Шұбарқұдық кентіндегі құрылысы жүріп жатырған нысандарды аралап шықты.

Аудан əкімі Қызылжар мөлтек ауданындағы 2 қабатты 16 пəтерлік тұрғын үй мен саябақтың құрылыс жұмыстарын, осы аймақтағы арынды су желілерінің жəне Шұбарқұдық гимназиясының күрделі жөндеу жұмыстарын қарап, мердігер компания өкілдерімен сөйлесті.

Бұл ретте, компания өкілдеріне ауа райының суытып кетуіне байланысты құрылыс жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Сонымен қатар, салаға жауапты орынбасары А.Жанболатқа аталған жұмыстардың уақытылы əрі сапалы аяқталуын дербес бақылап, қадағалауды жүктеді.