АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ БАСТЫ НАЗАРДА!

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ БАСТЫ НАЗАРДА!

Аудан басшысы С.Аманбаев ауыл шаруалығы саласында атқарылып жатырған жұмыстар жөнінде кеңес өткізді.

Жиынға салаға жауапты орынбасары - А.Жанболат, аудан әкімі аппаратының басшысы – А.Сисенов, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы – Е.Жолдығарин және жер қатынастары бөлімінің басшысы – Қ.Сәлімгерей қатысты.

Мәжіліс барысында, аудан әкімі, ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі, осы саладағы көрсеткіштердің орындалу барысы және ауылшаруашылығы саласындағы пайдаланылмаған жерлер жөнінде қозғады.

Сонымен қатар, жауапты тұлғаларға ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштерді арттыруды, пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын үйлестіруді, сондай-ақ, ағымдағы жылдың 25-26 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне дайындық жұмыстарын пысықтауды тапсырды.

Сонымен қатар, салаға жетекшілік ететін орынбасары А.Жанболатқа жоғарыда айтылған тапсырмалардың бақылауға алып, орындалуы бойынша ақпарат ұсынуды жүктеді.