Кәсіпкерлер назарына!

Кәсіпкерлер назарына!

Бас прокуратураның бастамасымен прокурорлық қадағалауды азаматтар мен бизнес проблемаларын тиімді шешуге сапалы түрде қайта бағдарлау мақсатында заңнамалық шаралар қабылданып, 2021 жылдың 2 шiлдесінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.

Аталған Заңмен бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге түзету енгізілді, соның ішінде 04.09.2021 жылдан бастап «Прокуратура туралы» Заңына өзгерістер күшіне енді.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен олардың лауазымды адамдары тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласу фактілері бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатына мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының қызметіне тексерісті тағайындау және жүргізуге құқылы екендігін түсіндіремін (6-бап).

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактілері бойынша арыз-шағымдарды прокуратура органдары қарауға міндетті екенін жеткіземіз (21 бап).

Осыған орай, мемлекеттік органдардың тарапынан негізсіз тексерулер жүргізу мен қызметіне кедергі жасау фактілері орын алған жағдайда кәсіпкерлер құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Темір ауданының прокуратурасына тікелей арыздануға болады.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 62-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді лауазымды адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы бойынша әкімшілік жауаптылықа тарту мерзімі 2 айдан​ 1 жылға дейін ұзартылды.

​ Сондай- ақ, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында аудан прокуратурасымен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп мобильді топ құрылғанын және аудан прокуратурасының сенім телефондары 24/7 режимінде жұмыс жасайтынын хабарлаймын.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде мобильді топқа 13 сигнал түсіп,​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 3 прокурорлық ден қою актісі енгізілді. Жалпы аудан прокуратурасымен​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 11 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Құрметті Темір​ ауданының кәсіпкерлері!

Мемлекеттік органдар тарапынан негізсіз тексерулер жүргізу мен кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау фактілері бойынша аудан прокуратурасына және кәсіпкерлер Палатасына хабарлауды сұраймыз.

Аудан прокуратурасы: 22-1-03, 8775 238 3247

Кәсіпкерлер Палатасы: 49-1-32, 8 778 202 0188

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Темір ауданының прокуратурасы