ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ МƏСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ МƏСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан əкімі С.Аманбаев жаңа оқу жылының қарсаңында аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Наурызғалиді қабылдап, салаға қатысты бірқатар мəселелерді талқылады.

Аудан басшысы қабылдауда Шұбарқұдық гимназиясының күрделі жөндеу жұмыстарына ерекше назар аударып, Ж.Наурызғалиға мəселені толық бақылауға алуды жəне мердігер ұйым өкілдерімен күнделікті кездесіп тұруды тапсырды.

Аудан əкімі, кездесуде, бөлім басшысынан жаңа оқу жылына аудандағы білім беру ұйымдарының дайындық деңгейін сұрады.

Бұл ретте, əкім, оқушылардың оқулықпен толық қамтамасыз етілуіне баса назар аудару қажет екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, кездесуде мектептердің материалдық-техникалық базасының жағдайы көтерілді.

Əңгімелесу соңында, аудан басшысы жаңа оқу жылында оқытудың дәстүрлі форматта жүргізілетіндігін ескере отырып, барлық педагог ұжымның вакцина қабылдау қажеттілігін баса айтты.