Қандай жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) БЖЗҚ-ға аударады

Қандай жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) БЖЗҚ-ға аударады

Егер сіз жалданып жұмыс істесеңіз, онда жұмыс беруші (агент) ай сайын өз қызметкерлеріне төленетін табыстың 10% мөлшерінде МЗЖ ұстап қалады және аударады.

Егер сіз салық агенті болып табылатын тұлғамен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (АҚС) бойынша жұмыс жасасаңыз, онда ол (агент) сіздің табысыңыздың 10% мөлшерінде МЗЖ ұстап қалады және аударады.

Егер сіз салық агенті болып табылмайтын тұлғамен АҚС шартын жасасқан болсаңыз, онда сіз өз пайдаңызға екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы алатын табыстың 10 % кем емес мөлшерде, бірақ ЕТЖ 50 еселенген мөлшерінің 10 % аспайтын мөлшерде БЖЗҚ-ға жарналар аударуға құқылысыз.

Егер сіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат болсаңыз, онда МЗЖ бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) құрамында төлей аласыз. 2021 жылы БЖТ мөлшері республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін 2 917 теңгені және басқа елді мекендердің тұрғындары үшін 1458,50 теңгені құрайды.

Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз немесе жеке практикамен айналысатын болсаңыз, онда сіз салық кезеңінің әрбір айы үшін МЗЖ-ны есептеп, оны БЖЗҚ-ға өз пайдаңызға аудара аласыз.

 

Сіз МЗЖ төлеушісіз бе?