АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Аудан әкімі С.Аманбаев облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Сүлейменованы қабылдады.

Кездесуде ауданның білім беру жүйесіндегі ахуалы туралы мәселелер көтерілді.

Бұл ретте, аудан әкімі мектеп ұжымдарындағы кейбір олқылықтарды, мұғалімдер тарапынан түсетін жекелеген шағымдарды атап өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында облыстық білім басқармасы басшысының бұйрығымен аудандық білім бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалған Наурызғали Жұмагерей Наурызғалиұлын таныстырылды.

Жаңадан тағайындалған білім бөлімінің басшысы бұған дейін №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының директоры қызметін атқарған.

Аудан әкімі өз кезегінде Ж.Наурызғалидің жаңа қызметіне сәттілік тілеп, ауданның білім саласын дамытудағы басты міндеттерін бірлесіп атқаруды тапсырды.