ТҰРҒЫНДАРДЫ ВАКЦИНАЛАУ МӘСЕЛЕСІНЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ВАКЦИНАЛАУ МӘСЕЛЕСІНЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

Аудан әкімі С.Аманбаев облыс орталығынан келген Еңбек инспекциясы, Денсаулық сақтау басқармасы, Кәсіподақ және медицина университетінің өкілдерімен бірге Кеңқияқ өңірінде болып, мұнай компанияларының жұмысшыларымен вакцинация мәселесі төңірегінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Осы мақсатта аудан әкімі бастаған жұмыс тобы «СНПС-Ақтөбе көлік компаниясы» ЖШС ұжымымен және жекелеген жұмысшыларымен кездесіп, санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен вакцинация жөніндегі сұрақтарды талқылады. Сондай-ақ, жұмысшылар тарапынан да бірқатар көкейтесті сауалдар көтеріліп, кең ауқымда жауап берілді.

Кездесу соңында, аудан әкімі, ЖШС-тің аудан аумағындағы басшылығына жиын барысында жұмысшылармен көтерілген сұрақтарды, оның ішінде, ПТР-тестілеу жөнінде Бас директорге жеткізуді және қолданылған шаралармен ұжымды таныстыру жөнінде ұсыныстарын енгізді.