МҰНАЙ КОМПАНИЯЛАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ БАСТЫ НАЗАРДА

МҰНАЙ КОМПАНИЯЛАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Аудан әкімі С.Аманбаев Кеңқияқ өңірінде қызметтік іс-сапарымен болып, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" ЖШС-нің «Кеңқияқ МГӨБ» АҚ мен "СНПС-АТК" ЖШС басшылығымен және еңбек ұжымымен кездесті.

Жиын барысында әлеуметтік-еңбек саласына қатысты қызметкерлердің еңбек және тұрмыс жағдайлары, жалақы, еңбек қауіпсіздігі және вакцинация мәселелері көтерілді.

Кездесу соңында аудан әкімі аталған екі мұнай компаниясының басшыларына жұмысшылардың өтініштері мен сауалдарын жедел қарап, ол бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттілігін ұсынды.

Сонымен қатар, қызметкерлерді барлық проблемалық мәселелерін заңнама аясында шешуге шақырып, олардың жеке сұрақтарына жауап берді.