3 шілде күні аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев Шұбарқұдық кентіндегі мүмкіндігі шектеулі жандардың үйінде болып, «Мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтудың жеке бағдарламасы» (ИПР) бойынша онлайн қызметтер алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жандәурен Баймағамбетұлының айтуынша, бүгінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың eGov порталы арқылы үйде отырып өздеріне қажетті құралдарына тапсырыс беруге, жеке көмекшіге және өзге де сұраныстарды жіберуге, т.б. осы сынды қызметтерді алуға мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары, тұрғындармен кездесу барысында қазіргі таңдағы эпидемиологиялық ахуал жөнінде түсінік беріп, өздерінің және жақындарының қауіпсіздігі үшін вакцина қабылдауға, сондай-ақ, барлық карантиндік шектеулерді сақтауға шақырды.