МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫ ҚОЛДАУ МƏСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫ ҚОЛДАУ МƏСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА

Аудан əкімі С.Аманбаев Ақтөбе облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Департаменті N1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Аталған қызметкерлер 3 күн бойы мүгедектікті тағайындау, мүгедектік мерзімін ұзарту, ауырлату, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу бойынша медициналық куәландыру жұмыстарын жүргізеді.

Кездесу барысында, аудан әкімі аудандық аурухананың бас дәрігері С.Жанахметовке медициналық куəландырудан өткізілуі тиіс барлық науқастардың келуін қамтамасыз етуді жəне бұл ретте ауылдық елдімекендердің тұрғындарын аудан орталығына жеткізу мəселесіне ерекше мəн беруді тапсырды.