ЖЕҢІС КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ!

ЖЕҢІС КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ!

9 мамыр күні аудан əкімі С.Аманбаев Шұбарши ауылындағы Ұлы Жеңіске арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Мереке күні аудан əкімі соғыс жылдарында ел-жұрттың қиын кезеңнен аман шығуына сарқылмас үлес қосқан тыл еңбеккерлеріне, ардагердерге алғыс білдіріп, Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады.

Қазіргі таңдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен карантиндік талаптарға байланысты мерекелік шараларды өткізуге тыйым салынғандығын ескере отырып, ауданның барлық елдімекендерінде мəдени көпшілік шаралар мен шерулердің өткізілмегендігін назарларыңызға саламыз.