АУДАН ƏКІМІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ƏКІМІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

9 мамыр күні аудан əкімі С.Аманбаев ауданымыздағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері - Ахмедзиянов Əнуар Сафаұлын Жеңіс күнімен құттықтап, өңір басшысы О.Оразалиннің алғыс хаты мен мерекелік сыйлық табыс етті.

Аудан басшысы бүгінде 97 жасқа келген ардагерге сұрапыл соғыстағы жеңіс үшін темірліктер атынан алғыс айтып, деніне саулық, отбасына амандық тіледі.