Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Қарулы күштер ардагерлері және жауынгерлер!
 
Сіздерді 7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
 
Отан қорғаушылар күні мерекесі – еліміздің  бүкіл тарихында Тәуелсіздігімізді қорғаған азаматтарға тағзым ететін қастерлі күн.
 
Келесі жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына отыз жыл толады. Уақыт алмасып, ұрпақ өзгерсе де, біздің ата-бабаларымыздың жүріп өткен даңқты жолдары мен олардың әскери рухы, жанқиярлық ерлігі, туған жерге деген сүйіспеншілігі өзгеріссіз қала береді.
 
Бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның айбынды қорғаушылары бабалар ізімен Отанымыздың оның әрбір азаматының қауіпсіздігін қорғауға әзір екендігін танытып жүр.
 
Осы орайда, ата-бабаларымыз бен аға ұрпақтың даңқты жолдарын ардақтаған темірлік ұландар да мемлекеттің қорғаныс қуатын күшейтуге өз үлестерін қосады деп сенемін.
 
Мереке күні отбасыларыңызға амандық, құт-береке, ертеңгі күнге нық сенім және мемлекетіміздің игілігіне табысты еңбек ете берулеріңізге тілектеспін.
 
Қазақстан әскерінің айбыны асқақтай берсін!
 
 
Ізгі тілекпен,
Темір ауданының әкімі                                   С.Е.Аманбаев