ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНДА БОЛДЫ

ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНДА БОЛДЫ

5 мамыр күні аудан əкімі С.Аманбаев жұмыс сапарымен ауданға келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары М.Жұмағазиев жəне Б.Қаниевпен кездесті.

Сапар барысында ауданның үстімен өтетін Республикалық маңызы бар «Қандыағаш–Мақат» автомобиль жолының құрылыс жұмыстары мен сапасын бақылады.

Сенат депутаттары Кеңестуы жəне Жақсымай ауылдық округтерінде болып, ондағы орта мектеп, балабақша жəне амбулатория сынды əлеуметтік нысандардың жұмыстарымен танысты.

Сондай-ақ, аудан əкімі Шұбарқұдық кентіндегі Қызылжар орта мектебі мен интернатының, «Ар-амир» супермаркетінің, мал бордақылау алаңының жəне ветеринарлық зертхананың жұмыстарымен таныстырды.

Сапар соңында депутаттар ашық аспан астындағы «Досшан Хазірет» мемориалдық кешенінде болып, ауданда жасалып жатырған жұмыстарға оң бағасын берді.