ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ БАҚЫЛАУДА

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ БАҚЫЛАУДА

Аудан әкімі С.Аманбаев Саркөл ауылдық округінің тұрғындары тарапынан жазғы кезеңде мал жаю үшін ылғалды ұстап тұру қажеттілігі жөнінде түскен өтініштері бойынша кеңес өткізді.

Аталған мəселені шешу мақсатында аудан əкімінің тапсырмасына сəйкес а.ж. 2 мамыры күні округте болған аудан əкімінің орынбасары А.Жанболат, төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ж.Нұртазин жəне аудан əкімінің бас инспекторы Б.Сауытов бөгеттің қазіргі жағдайы бойынша аудан əкіміне баяндады.

Сапар кезінде жауапты басшылармен елдімекендегі судың деңгейі қаралып, аймақтағы мұнай компанияларының жұмысына қауіп төндірмейтіндігі анықталды.

Бұл ретте, округтегі су тасқынының алдын алу мақсатында арнайы су деңгейін өлшеуіш құрылғылар қондырылды.

Аудан басшысы салаға жауапты орынбасары А.Жанболат пен төтенше жағдайлар бөлімінің басшысына мəселені үнемі бақылауда ұстап отыруды жүктеді.

Бүгінде аймақта жағдай қалыпты, тұрғындар өтініші шешімін тапты.