АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

12 сәуір күні аудан əкімі С.Аманбаев Ақтөбе облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары М.Сейталинмен кездесті.

Кездесу барысында аудан басшысы облыстық полиция департаментінің өкілімен ауданның осы саладағы жұмыстарын талқылады.

Сондай-ақ, М.Сейталин аудандық полиция бөлімінің жаңа басшысы лауазымына тағайындалған Зауланбаев Нұсқабек Әбдіғалиұлын таныстырды.

ЗАУЛАНБАЕВ НҰСҚАБЕК ӘБДІҒАЛИҰЛЫ 

1978 жылы 9 сәуірде дүниеге келген. 
1999 жылы Ішкі істер министрлігінің Алматы заң институтын тәмамдаған.

Әр жылдары Алматы облысының Қарасай аудандық полиция бөлімінде тергеу бөлімшесінің тергеушісі, есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі жедел уәкіл, есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің басшысы және облыстық басқарма басшысының орынбасары, сондай-ақ, Ақтөбе қалалық полиция басқармасының бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

Темір аудандық полиция бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Ақтөбе облыстық полиция департаментінің «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы» басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Полиция полковнигі.