АУДАН ӘКІМДІГІНДЕГІ МӘЖІЛІСТЕ ИЕСІЗ ИТТЕРДІ АУЛАУ, МАЛ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

АУДАН ӘКІМДІГІНДЕГІ МӘЖІЛІСТЕ ИЕСІЗ ИТТЕРДІ АУЛАУ, МАЛ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі С.Аманбаевтың төрағалығымен елді-мекендердегі иесіз иттерді аулау және мал ауруының алдын алу мәселелері бойынша мәжіліс өткізіліп, атқарылған жұмыстар тыңдалды. ​

Сонымен қатар, жиында бөлінген бюджет қаражатын игеру мәселесі қаралып, аудан әкімімен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жекелеген басшыларын жұмыс барысында жіберген кемшіліктері үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берілді.

Мәжіліс соңында аудан әкімі күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар мен ұсыныстар айтып, бірінші басшылардың жеке жауапкершілігіне және олардың лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін тиісінше орындау қажеттілігіне баса назар аударды.