АУДАН БАСШЫСЫ ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН БАСШЫСЫ ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Темірлік жас дарындар, волейбол спортынан аудан және облыс мақтаныштары – Сәдуақасов Айсұлтан Исламұлы мен Жақсылық Мират Әкімжанұлын қабылдап, спорт саласында жеткен жетістіктерімен құттықтады.

Естеріңізге сала кетсек, Айсұлтан мен Мират наурыз айының 25-28 күндері аралығында Түркістан қаласында 2008-2009 жылғы туылған жасөспірімдер арасында өткен волейболдан ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Жерлестеріміз бұған дейін де облыстық турнирлердің күміс және қола медальдарын тағып үлгерген.

2008 жылы туылған М.Жақсылық 2018 жылдан бері Темір балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде волейболмен шұғылданса, А.Сәдуақасов 6 жасынан бастап осы спорт түрімен айналысуда.

Қабылдау барысында аудан әкімі жас өрендердің болашағынан зор үміт күтетіндігін айтып, жоғары жетістіктерге жетуіне елеулі үлес қосқан жаттықтырушысы – Селбаев Қуанышбек Алдабергенұлына алғысын білдірді.