АУДАН ƏКІМІ: «ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАСТЫ НАЗАРДА»

АУДАН ƏКІМІ: «ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАСТЫ НАЗАРДА»

Ағымдағы жылдың 31 наурыз күні аудан әкімі С.Аманбаевтың төрағалығымен аудандық құқықбұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының кезекті отырыстары өтті.

Комиссия отырыстарына аудан әкімінің тиісті орынбасарларымен қатар, атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, қоғамдық ұйымдардың төрағалары қатысып, аудан көлеміндегі осы бағытта жасалып жатырған шаралар бойынша баяндама жасады.

Отырыстың күн тәртібінде сала бойынша 4 мәселе қаралып, ұсыныстар тыңдалды.

Жиын соңында аудан əкімі жауапты басшыларға аудан аумағындағы құқықбұзушылықтың, оның ішінде, кәмелет жасына толмағандардың арасындағы тәртіпсіздіктің алдын алу және оларға қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды күшейтуді, қоғамдық тәртіпті қалыптастыруда жастар мен еріктілердің күшін пайдалануды, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау үшін жүргізілетін шараларды назардан тыс қалдырмауды тапсырды.