АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Ағымдағы жылы БЖЗҚ салымшыларына 172 миллиард теңгеден астам қаражат төленді

 

2020 жылдың 1 желтоқсанына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 342 720 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда, жалпы сомасы 172,1 миллиард теңгеге 2,1 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

- зейнеткерлік жасқа жету бойынша төлемдер - 57,7 млрд теңге;

- сақтандыру ұйымдарына аударымдар - 42,9 млрд теңге;

- в связи с выездом на ПМЖ - 34,1 млрд. теңге;

- мұрагерлік бойынша төлемдер – 32,01 млрд теңге;

- жерлеуге төленетін төлемдер – 3,96 млрд теңге;

- мүгедектік бойынша төлемдер – 1,4 млрд теңге.

Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуына байланысты) 22 867 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы – 506 980 теңгені құрады.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда "ГНПФ "ЖЗҚ"АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері болып табылады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ мына сілтеме бойынша www.enpf.kz)