Аудан тарихында есте қаларлықтай саяси оқиғалар

Аудан тарихында есте қаларлықтай саяси оқиғалар

Осы апта аудан тарихында есте қаларлықтай саяси оқиғалар сәтімен ерекшеленді. Бастысы Nur Otan партиясының жеңісі. Халық өз таңдауын жасады. Аудан халқы да белсенділігімен көзге түсті. Ауданның алтыншы шақырылымының депутаттары өз өкілеттігін жаңа құрамдағы депутаттар алдында тоқтатып, оларға сәттілік тіледі. Ал жаңа құрамда 10 азамат жетекші партиядан болса бірі "Ауыл" партиясынан, бірі "Ақжол" партиясынан.
Сонымен қатар аудандық мәслихат сессиясында ашық дауыс беру нәтижесінде менің кандидатурам аудандық мәслихат хатшысы лауазымына ұсынылып, қолдау тапты.
Ел Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде Мәжіліс депутаттарына сәттілік тілей отырып, алдағы уақытта басымдық халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл- ауқатын арттыруға берілетінін айтты. Ол мақсатқа жету үшін барлық салаларда дәйекті өзгерістер болады дей келе Президентіміз күш салатын басымдықтарға тоқталды. Ауданның депутаттар корпусы да осы басымдықтар негізінде ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына өз үлестерін қосатын болады

Шаимов Болат Сейтенұлы

Темір аудандық мәслихат хатшысы