Қадірлі жерлестер!

Қадірлі жерлестер!

Өкінішке орай, бүгінгі күнгі дерекке сәйкес, ауданымызда 5 коронавирус инфекция және 1 пневмония жағдайы тіркеліп отыр. Дерт жұқтырғандар 1937 және 2001 жылы туылған Шұбарқұдық кентінің 3 тұрғыны, сондай-ақ, 1957, 1980, 2004 жылы туылған Темір қаласының тұрғындары.

Полимераздық тізбектік реакция арқылы зерттеу оң нәтиже көрсеткеннен кейін, дерт жұқтырғандар оқшауланып, дәрігердің бақылауына алынды, жағдайлары қанағаттанарлық.

Қазіргі таңда, 1 науқас үй карантиніне жіберілсе, 2 науқас Ж.Кереев атындағы ЖББОМ интернатында орналасқан провизорлық орталықта, 2 науқас Ақтөбе қаласында, 1 науқас Қандыағаш қаласында ем алуда.

Індет ошақтарында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарымен алдын алу және індетке қарсы шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ қарым-қатынаста болған барлық адамдардың тізімі жасақталып, сынама алу, ошақты дезинфекциялау жұмыстары ұйымдастырылды.

Құрметті тұрғындар!

Қатерлі індетті жеңіп шығу баршамызға ортақ міндет! Сол себепті, Сіздерден, өз қауіпсіздіктеріңіз үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап, карантин нормаларын толық ұстануды сұраймыз.