Темір ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді!

Темір ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді!

18 қаңтардан 19 қаңтарға қараған түні Крещение мерекесі болады. Қалыптасқан салт бойынша бұл күні жүздеген православиеліктер қасиетті суға шомылу үшін су көздеріне барады.
Осыған байланысты Темір ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі төтенше жағдайларды болдырмау, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төнбеуі үшін азаматтардың ойықтан су алу және шомылу кезінде келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді:
- арнайы жабдықталған шомылу орындарында ғана суға түсу;
- мұзға топ болып шықпау;
- шомылатын ойықтың маңында 10-15 адамнан аса жиналмау;
- жағадан 25-30 метр қашықтықтан алшақтамау;
- шомылатын ойыққа ағаштан жасалған баспалар арқылы, арнайы жабдықталған жермен ғана бару;
- сонымен қатар шомылу кезінде спирттік ішімдіктерді қолдануға мүлдем тиым салынды;
- суға шомылу алдында қан қысымын өлшеңіз;
- мұз үстіне балалардың үлкендердің қарауынсыз шығуын болдырмаңыз;
- суға түсер алдында денеңізді қыздырыңыздар, дене жаттығуларын жасаңыздар;
- ағзаның жалпы салқындауын болдырмау мақстында суда бір минуттан астам уақыт болмаңыздар;
- бас миының қан тамырларының тарылуының болдырмауы мақсатында суға мойынның бойымен ғана суға түсіңіз;
- судан шыққан соң денеңізді орамалмен құрғатып, жылы жерге барыңыз, ыстық шай ішіңіз.
Аталған қауіпсіздік ережелерін сақтау оқыс оқиғалардың алдын алудың басты алғышарты.

📢Темір ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі