ҮІІ шақырылымдағы Темір ауданы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытынды хабарламасы

ҮІІ шақырылымдағы Темір ауданы мәслихаты депутаттарының  кезекті сайлауының қорытынды хабарламасы

2021 жылдың 10 қаңтарында Темір ауданы аумағын қамтитын біртұтас сайлау округінде Темір ауданы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өткізілді.

Темір ауданы бойынша сайлаушылар тізіміне 22 094 азамат енгізілді, оның ішінде 16 094 азамат сайлау бюллетендерін алды, бұл барлық сайлаушылардың 72,8 пайызы.

Темір ауданы бойынша сайлауда 15 847 азамат өз еркін білдірді, оның ішінде 19 азамат есептен шығару куәлігі арқылы дауыс берсе, 138 азамат дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде дауыс берді.

Темір ауданы мәслихаты депутаттарының сайлауына 4 саяси партия қатысты.

Сайлау қортындысымен саяси партияларға келесі көлемде дауыстар берілді:

- «Nur Otan» партиясына – 12 449 дауыс немесе 79,77%;

-  «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясына - 1630 дауыс немесе 10,45%;

- «Aқ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына 1374 дауыс немесе 8,8%;

- «ADAL» саяси партиясына 152 дауыс немесе 0,9%.

 

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жеті және одан да жоғары пайыз дауысын жинаған саяси партиялар арасында мандаттар бөлінісі келесі ретте анықталды:

- «Nur Otan» партиясы – 10 мандат;

- «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 1 мандат;

- «Aқ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 1 мандат.

 

 

Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы