ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС

ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС

Аудан әкімі А.Жақсылықов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың ұсыныс-өтініштерін тыңдады.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан тұрғын үй мәселесі, әлеуметтік көмек көрсету және басқа да өзекті мәселелер көтерілді. Әрбір мәселе бойынша аудан әкімі тиісті түсіндірмелер беріп, қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, аудан әкімі тұрғындардың мәселелерін тыңдау және олардың шешілуіне ықпал ету – жергілікті атқарушы органдар жұмысының маңызды бағыттарының бірі екенін жеткізді.

Тұрғындармен тікелей кездесулер – халықтың ұсыныстары мен талап-тілектерін тыңдап, нақты мәселелерді дер кезінде зерделеуге мүмкіндік беретін маңызды алаң.