АУДАННЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТТАРЫ: ДАЙЫНДЫҚ ПЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

АУДАННЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТТАРЫ: ДАЙЫНДЫҚ ПЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Аудан әкімі А.Жақсылықовтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.

Мәжіліс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалы мен елдімекендердің жағдайына қатысты бірқатар маңызды мәселе қаралды.

Күн тәртібінде:
- Мал қыстату науқанына дайындық барысы. Ауыл шаруашылығы саласында қысқы кезеңге дайындық, мал азығы қорын жасақтау және мал басын аман сақтап қалу бағытындағы жұмыстар талқыланды.
- Аудан аумағында сенбіліктер өткізу. Елдімекендерді абаттандыру, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және қоғамдық аумақтарды ретке келтіру бойынша атқарылатын жұмыстар қаралды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімі А.Жақсылықов жауапты сала басшыларына:
• мал қыстату науқанына дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды;
* қысқы кезеңге қажетті мал азығы қорын толық қалыптастыруды және оның жеткіліктілігін қамтамасыз етуді;
* елдімекендердегі тазалық және абаттандыру жұмыстарын күшейтуді;
* сенбіліктерді ұйымдасқан түрде өткізуді және олардың нәтижелілігін қамтамасыз етуді;
* көшелерді, қоғамдық орындарды, саябақтар мен әлеуметтік нысандардың аумақтарын санитарлық талаптарға сәйкес ретке келтіруді;
* анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоюды;
* атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты жинақтап, тұрақты түрде баяндауды тапсырды.