
Аудан әкімінің м.а. Р.Құдайбергеновтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.
Мәжіліс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Күн тәртібінде:
- Жаз мезгілінде балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылатын жұмыстар;
- «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысы және алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер талқыланды.
Мәжіліс барысында жауапты бөлім басшылары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері мен алдағы жоспарлары жөнінде ақпарат берді.
Мәжіліс қорытындысында аудан әкімінің м.а. Р.Құдайбергенов тиісті мекеме басшыларына балалардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін күшейту, сондай-ақ «Ауыл аманаты» жобасының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар, берілген тапсырмалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.