
Аудан орталығындағы «Жастар» ресурстық орталығы ғимаратында Ақтөбе облысындағы «AMANAT» партиясының Республикалық мобильді қоғамдық қабылдауы аясында көшпелі қоғамдық қабылдауы өтті.
Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындардың өзекті мәселелері тыңдалып, ауыл шаруашылығы, жол және көлік инфрақұрылымы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау, тұрғын үй мәселелері, сондай-ақ басқа да маңызды бағыттар бойынша азаматтардың мәселелері қаралды.
Шараға аудан әкімі А.Жақсылықов, «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Е.Жұмабек, қоғамдық қабылдау бөлмесінің эксперті Н.Артыкбаева, «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі М.Балқыбаева, Темір аудандық мәслихатының төрағасы Б.Шаимов, «AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Нұрғалиев және облыстық адвокаттар алқасының мүшесі А.Мукашов, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары мен жауапты сала жетекшілері қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар көтерген мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бірқатар өтініштер бақылауға алынды.
Мұндай ашық форматтағы кездесулер халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың мәселелерін дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.