
Аудан әкімдігінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысын тағайындау жөніндегі актив отырысы өтті.
Отырысқа аудан әкімі А.Жақсылықов, облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары А.Жаңабергенов, сондай-ақ, бөлім және мекеме басшылары мен құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысты.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы болып КЕНЖЕГУЛОВ ЕРНАР ҚАЙРАТҰЛЫ тағайындалып, аудан активіне таныстырылды.
Е.Кенжегулов 1988 жылы Темір ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Азаматтық қорғау майоры.
Еңбек жолы:
* 2009–2015 жылдары «Семсер Өрт сөндіруші» мекемесінде өрт сөндіруші;
* 2016 жылдың қаңтар айынан бастап азаматтық қорғау саласында аға инженер;
• 2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бөлімнің бас маманы қызметін атқарып келді.
Отырыс барысында аудан әкімі жаңадан тағайындалған басшыға алдағы қызметінде сәттілік тілеп, аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында нәтижелі жұмыс күтетінін жеткізді.
Сонымен қатар, бұған дейін аудандық төтенше жағдайлар бөлімін басқарған С.Қалменовке атқарған еңбегі үшін алғысын білдіріліп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.