invest.enpf.kz платформасында салымшыларға қандай ақпарат қолжетімді?

invest.enpf.kz платформасында салымшыларға қандай ақпарат қолжетімді?

invest.enpf.kz платформасында пайдаланушыларға қазақ және орыс тілдерінде мәліметтер ұсынылады:

🔹 зейнетақы жинақтары жүйесі туралы ақпарат

🔹 зейнетақы активтері инвестицияланатын бағалы қағаздар туралы деректер

🔹 инвестициялық стратегиялар туралы мәліметтер

🔹 зейнетақы активтерінің орналастырылу құрылымы

🔹 инвестициялық портфельді басқарушы компаниялардың (ИПБ) қаржылық көрсеткіштері

Сонымен қатар, платформа арқылы зейнетақы активтерінің табыстылығын бақылауға және әртүрлі инвестициялық портфельдердің көрсеткіштерін салыстыруға болады.