Жас қазақстандықтар тұрғын үй мен білім алуға 35,20 млн АҚШ долларын пайдаланды

Жас қазақстандықтар тұрғын үй мен білім алуға  35,20 млн АҚШ долларын пайдаланды

2024 жылғы 1 ақпан мен 2026 жылғы 1 ақпан аралығында жалпы сомасы 35,20 млн АҚШ долларын (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды) құрайтын 223 785 өтініш орындалды.
Олардың ішінде:

- тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 22,09 млн АҚШ долларынан астам сомаға 139 759 өтініш орындалды;

- білім беру ақысын төлеу үшін 13,11 млн АҚШ доллары сомасына 84 026 өтініш.

Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Пайдаланылмаған қаражат қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.