ТАЗА ОРТА – САПАЛЫ ӨМІР КЕПІЛІ

ТАЗА ОРТА – САПАЛЫ ӨМІР КЕПІЛІ

Аудан әкімі А.Жақсылықовтың төрағалығымен күн тәртібіндегі мәселелер бойынша арнайы аппараттық мәжіліс өткізілді.

Мәжіліс барысында аудан аумағында екі айлық сенбілікті ұйымдастыру және санитарлық тазалық талаптарын сақтау мәселелері қаралды.

Аудан әкімі округ әкімдері мен тиісті бөлім және мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, тазалық жұмыстарын жүйелі әрі сапалы жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар, аудан аумағында тазалық ережелерін бұзған жеке және заңды тұлғаларға қатысты заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолдану қажеттігі атап өтілді.

Тазалықты сақтау – баршамызға ортақ міндет.