Аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен ауданға қарасты есепшілердің жиналысы өтті

Аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен ауданға қарасты есепшілердің жиналысы өтті

2026 жылдың 11 ақпан күні Темір ауданының Әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен, Аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен ауданға қарасты есепшілердің жиналысында 2025 жылы бюджет саласында атқарылған жұмыстар және 2026 жылға арналған негізгі міндеттер қаралды.
Сонымен қатар 2025 жылы қаржы саласында орын алған құқық бұзушылықтар мен қылмыстық әрекеттердің алдын алу мақсатында қаржылық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын түсіндіру және бюджет заңнамасының нормаларын кеңінен түсіндіруге бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттігі атап өтілді.

Жиналыста 2026 жылғы аудандық бюджеттің орындалу барысы, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы, қаржылық тәртіпті сақтау және бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.

Жиналыс қорытындысы бойынша ауданға қарасты барлық есепшілерге бюджет заңнамасының талаптарын қатаң сақтау, есептілікті белгіленген мерзімде және сапалы тапсыру жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.