
🏗️ Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық кентінде жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып, тұрғындарға пәтерлердің кілттері табысталды.
🎉 Салтанатты шараға аудан тұрғындары, жаңа қоныс иелері, ақсақалдар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты. Іс-шара барысында аудан әкімі А.Жақсылықов мемлекет тарапынан халықты қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.
💬 Оның сөзінше, жаңа тұрғын үй – тек баспана емес, отбасылық тұрақтылық пен болашаққа деген сенімнің негізі.
🏢 Жаңа тұрғын үй кешені үш қабатты, барлығы - 27 пәтер. Пәтерлер заманауи талаптарға сай салынған және тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалған.
🏦 Баспана «Отбасы Банк» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының «Жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасы аясында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға берілді. Құрылыс жұмыстарын «Алихан Ойл З» ЖШС жүргізген.
🙏 Жаңа пәтер иелері жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталғанына ризашылық білдіріп, құрылысқа атсалысқан барлық маманға алғыстарын жеткізді.