Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Есенбаев Темір ауданына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы бірқатар нысандардың құрылысы мен жұмысы тексерілді.
Алдымен Кеңқияқ ауылына барып, 600 орындық «Келешек мектеп» жобасының құрылыс барысы қаралды. Жобаның жүзеге асырылуы, құрылыс қарқыны және сапасы бойынша мердігерлерге нақты тапсырмалар берілді.
Содан кейін Шұбарқұдық кентінде орналасқан бірнеше маңызды нысандарға барды:
•600 орындық «Келешек мектеп» құрылысының барысымен танысты;
•Жүзу бассейні құрылысының орындалуын тексерді;
•Темір жол вокзалының құрылыс жұмыстарын көріп, жауапты мамандарға тиісті ұсыныстарын айтты.
Сапар барысында әлеуметтік нысандардың уақтылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жұмыстарды күшейту тапсырылды.
Темір ауданы – облыстың маңызды тірек аймақтарының бірі. Сондықтан білім, спорт және көлік инфрақұрылымын дамыту өңір басшылығының басты бақылауында.