Сіз БЖЗҚ-ның онлайн сервистерін қолданып жүрсіз бе?

Сіз БЖЗҚ-ның онлайн сервистерін қолданып жүрсіз бе?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға арналған кең ауқымды қызметтер ұсынады және олардың сапасын арттыру, қолжетімділігін кеңейту бағытында үздіксіз жұмыс жүргізуде.
10 ай ішінде БЖЗҚ 36,7 млн қызмет көрсетті және олардың басым бөлігі онлайн немесе автоматты түрде рәсімделді. Қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі – 97,8%.
Ең танымал сервис – ЖЗШ, НЖШ және ШЗШ бойынша үзінді көшірме алу.
Бұл қызмет 24,2 млн рет мобильді қосымша немесе сайт арқылы рәсімделді.
Биыл жүйе одан да жеңілдей түсті. Яғни 1,4 млн шот автоматты түрде ашылды.
Алғашқы жарна түскенде немесе «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша нысаналы қаражат аударылғанда, шот автоматты түрде ашылады.
Қолжетімді басқа да онлайн қызметтер:
- деректерді өзгерту;
- төлемдерге өтінім беру;
- өтінім мәртебесін қадағалау;
- жинақтардың бір бөлігін ИПБ-ға аудару;
- зейнетақы калькуляторы;
- дербес зейнетақы жоспары.
Онлайн сервистер қызмет алуды барынша жеңілдетеді: бәрі жылдам, кезексіз және тәулік бойы қолжетімді.