
Аудан әкімі А.Жақсылықовтың тұрғындармен жоспарлы есептік кездесулері Саркөл ауылдық округінде жалғасты.
Кездесулер Саркөл ауылдық округіне қарасты Қопа, Құмсай және Шұбарши елдімекендерінде өтті.
Кездесу барысында округ әкімі М.Шүйіншалин 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы жоспарларымен бөлісті.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан өзекті мәселер көтеріліп, өз ұсыныстарын білдірді.
Сондай-ақ, кездесуге облыстық мәслихат депутаты Б.Ізбасов қатысып, елдімекендерді дамыту жоспарына облыстық деңгейде көрсетілетін қолдау шараларына тоқталды.
Аудан әкімі А.Жақсылықов ауданның даму бағыттары, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен қолға алынған жобаларға тоқталып, көтерілген әр мәселенің нақты шешімін табу аудан әкімдігінің бақылауында болатынын атап өтті.
Халықпен ашық әрі тікелей байланыс — жергілікті билік жұмысының басты қағидаты.